Қытай-Қазақстан халықаралық CCF симпозиумының делегациясы Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты — ҚазҰУ

Қытай-Қазақстан халықаралық CCF симпозиумының делегациясы Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты

21 тамыз 2026
Қытай-Қазақстан халықаралық CCF симпозиумының делегациясы   Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану»  зертханасының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты

18 тамыз күні Қытай–Қазақстан халықаралық CCF интеллектуалдық есептеулер және жасанды интеллект саласындағы инновациялар симпозиумы аясында іс-шараға қатысқан делегация Қазақстан–Қытай бірлескен Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының қызметімен танысты.

Симпозиум қатысушыларына зертхананың құрылу тарихы, негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары және жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалары туралы ақпарат берілді. Жерді қашықтықтан зондтау, жасанды интеллект, геоақпараттық технологиялар, экологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды басқару және климаттың өзгеруін зерттеу бағыттарындағы ғылыми жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, Төлеби ауданы бойынша көшкін қаупін бағалау және қауіпті учаскелердің паспорттарын әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері көрсетілді.

Қонақтарға зертхананың Қазақстан мен Қытай ғалымдарының ғылыми ынтымақтастығын дамытудағы рөлі, заманауи қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және талдау мүмкіндіктері, сондай-ақ Орталық Азия аумағындағы табиғи және экологиялық процестерді мониторингтеу бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы ақпарат берілді.

Симпозиум қатысушылары зертхананың ғылыми және практикалық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ жасанды интеллект пен қашықтықтан зондтау технологияларын түрлі бағыттағы жұмыстарға интеграциялау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.