ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті жаңа магистранттармен толықты — ҚазҰУ

ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті жаңа магистранттармен толықты

24 тамыз 2026
ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті жаңа магистранттармен толықты

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 895 магистрант қабылданды. Олардың барлығы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.

Биыл конкурс жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Республика бойынша шамамен 23 мың өтініш берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Ең сұранысқа ие бағыттар – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары».

ҚазҰУ Қазақстандағы магистрлерді даярлау жүйесінде дәстүрлі түрде жетекші орындардың бірін иеленеді. Университетте магистратура 1996 жылы ашылды. Осы уақыт аралығында оқу ордасы кәсіби 9 мыңнан астам маман даярлады.

Мемлекеттік білім беру грантын иелену жас мамандарға еліміздің жетекші университеттерінің бірінде оқуын жалғастыруға, ғылыми жобаларға қатысуға, заманауи зертханаларда жұмыс істеуге және халықаралық білім беру бағдарламаларын меңгеруге мүмкіндік береді. Мамандарды даярлау барысында сараптамалық ойлауды, зерттеушілік дағдыларды дамытуға және алған білімді тәжірибеде қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

Жаңа оқу жылында магистранттар жаратылыстану-ғылыми, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және басқа да бағыттар бойынша білім ала бастайды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылдың 28 тамызына дейін  жалғасады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі