ҚазҰУ сарапшылары Президент еңбегін талқылауға қатысты — ҚазҰУ

ҚазҰУ сарапшылары Президент еңбегін талқылауға қатысты

25 тамыз 2026
ҚазҰУ сарапшылары Президент еңбегін талқылауға қатысты

Алматы қаласындағы Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жинағын талқылауға арналған сараптамалық дөңгелек үстел өтті.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің модераторлығымен өткен жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Сондай-ақ алқалы жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Олардың қатарында университет ректорының кеңесшісі, заң ғылымының докторы, профессор Еркін Дүйсенов, заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов, тарих факультетінің деканы Досбол Байғұнақов және Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Ноянов бар.

Президенттің соңғы 30 жылдан астам уақыттағы негізгі идеялары мен саяси тұжырымдамалары топтастырылған басылымды талқылау барысында ҚазҰУ ғалымдары заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, ұлттық бірлік пен цифрлық трансформация мәселелері бойынша сөз сөйлеп, сараптамалық пікір білдірді.

Жиын барысында ҚазҰУ өкілдері Мемлекет басшысының еңбегінде айқындалған стратегиялық бағыттардың жоғары білім беру жүйесі үшін де маңызды бағдар екенін атап өтті. Ғалымдар елдің саяси-құқықтық реформалары мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруда академиялық ортаның қосатын үлесіне жеке тоқталды.

Сонымен қатар басқосуда кітапта көтерілген өзекті идеяларды студент жастар арасында кеңінен дәріптеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арқау ету мәселелері де қозғалды.

Жиын соңында қатысушылар адал еңбек пен заңға деген құрмет қағидаттарын жоғары білім беру жүйесі мен ғылыми-ағартушылық жұмыстарда кеңінен енгізу бойынша ұсыныстармен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қзыметі