2026 жылдың 1 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО- ға дейінгі дайындық кафедрасының ақылы бөліміне қабылданған тыңдаушыларды факультет басшылығы және ПОҚ таныстыру шарасы өтті. Атажұртқа ат басын бұрып, білім мен болашаққа жаңа қадам басқан қандастарымызға факультет деканы Алмас Әуелбекұлы Бектанов сәттілік тіледі.
Білім — ел мен елді, жүрек пен жүректі жалғайтын алтын көпір. Ал туған жердің төрінде білім алу — әр қандас үшін үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік.
Бүгінгі жаңа қадам — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы. Жаңа орта, жаңа білім, жаңа достар мен жаңа мүмкіндіктер сіздерді алда күтіп тұр.
Сіздердің білімге деген талпыныстарыңыз — ел болашағына қосылған үлес.
Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, білім жолдарыңыз жарқын болсын!
Атажұрттағы жаңа белестеріңіз сәттілікке толы болсын!
Қош келдіңіздер, қандастар! Білім жолындағы жаңа қадамдарыңыз құтты болсын