- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жаңа оқу жылы – жаңа бастама: Факультетте 1-курс студенттерімен танысу кездесуі өтті
Жаңа оқу жылы – жаңа бастама: Факультетте 1-курс студенттерімен танысу кездесуі өтті
1-қыркүйек – Білім күніне орай факультет қабырғасында 1-курс студенттеріне арналған салтанатты танысу жиналысы ұйымдастырылды. Университет табалдырығын жаңадан аттаған білім алушылар үшін бұл күн білім мен ғылымның үлкен әлеміне жасалған алғашқы сенімді қадам болды.
Жиын барысында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Галеева Алина Кулбаевна сөз сөйлеп, студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол білім алушыларға арнаған өз сөзінде сапалы білімнің маңыздылығын атап өтіп, болашақ жас мамандардың оқуына табыс тіледі.


Салтанатты жиында факультет деканы Актымбаева А.С., кафедра меңгерушісі Токбергенова А.А., сондай-ақ кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдірді. Ұстаздар қауымы оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу бағыттары мен мамандық бойынша ашылатын кең мүмкіндіктерге тоқталып өтті.
Студенттерге академиялық саясат, университеттегі тәртіп ережелері, сондай-ақ студенттік өмірдің әлеуметтік және мәдени бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді.