«Тіл – ұлттық рухтың асыл мұрасы» — ҚазҰУ

«Тіл – ұлттық рухтың асыл мұрасы»

4 қыркүйек 2026
«Тіл – ұлттық рухтың асыл мұрасы»

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттеріне «Тіл – ұлттық рухтың асыл мұрасы» тақырыбында тағылымды дәріс өтті.

Іс-шара барысында тілдің ұлт болмысын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтаудағы маңызы кеңінен талқыланды. Студенттер ана тілін құрметтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және тіл мәдениетін дамыту туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Дәріс жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, тілдің ұлт рухын қалыптастырудағы ерекше рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Тіл-халықтың жаны мен рухының айнасы!