Илья Заславскийдің қатысуымен кезекті дәрістер мен практикалық сабақтар өтті — ҚазҰУ

Илья Заславскийдің қатысуымен кезекті дәрістер мен практикалық сабақтар өтті

4 қыркүйек 2026
Илья Заславскийдің қатысуымен кезекті дәрістер мен практикалық сабақтар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде қонақ профессор, Илья Заславскийдің қатысуымен ұйымдастырылған ғылыми-білім беру бағдарламасы өз жалғасын тапты.

Бағдарламаның соңғы екі күні климаттың өзгеруі, халық денсаулығы және кеңістіктік деректер ғылымының заманауи бағыттарына арналды.

 

 

📌 3 қыркүйек күні «Climate and Health in Arid Regions: Assessing the Impact of Climate Change on Population Health» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында климаттың өзгеруінің, әсіресе құрғақ аймақтардағы экологиялық жағдайдың халық денсаулығына әсері, осы бағыттағы зерттеулердің маңызы және заманауи деректер мен технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

💻 4 қыркүйек күні «An Introduction to Spatial Data Science» тақырыбында практикалық бағдарлама ұйымдастырылды.

Практикалық сабақта қатысушылар кеңістіктік деректермен жұмыс істеу, бағдарламалау және машиналық оқыту әдістерін қолдану бағытындағы заманауи тәсілдермен танысты.

Кездесулер гибридті форматта өтіп, қатысушылар офлайн және онлайн форматта білім алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. 🌐

✨ Ғылыми бағдарламаның соңғы екі күні қатысушылар үшін климаттық зерттеулер, денсаулық географиясы, кеңістіктік деректерді талдау және машиналық оқыту сияқты бүгінгі таңда аса өзекті бағыттар бойынша жаңа білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Осындай кездесулер халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, студенттер мен жас зерттеушілердің заманауи ғылыми бағыттарға деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етеді.

Ұйымдастырушы:
Картография және геоинформатика кафедрасы