ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университетімен Smart Agro бағытында ынтымақтастықты дамытуда — ҚазҰУ

ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университетімен Smart Agro бағытында ынтымақтастықты дамытуда

4 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университетімен Smart Agro бағытында ынтымақтастықты дамытуда

2026 жылғы 2 қыркүйекте механика-математика факультетінің деканы М.Е. Мансурова, IoT зертханасының басшысы С.А. Елубаев және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің IoT зертханасының инженерлері Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университетінің (South China Agricultural University, ҚХР) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты тақырыбы Smart Agro бағытында ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде академиялық алмасу мен бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыру болды. Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті атынан халықаралық байланыстар бөлімінің қызметкері Сюань Ло ханым, бакалавриат мектебінің декан орынбасары профессор Шаоцзянь Цю, Математика және информатика колледжінің декан орынбасарлары профессор Цян Ся мен профессор Дун Хуан, сондай-ақ информатика кафедрасының оқытушылары қатысты.

Ашық пікірталас барысында тараптар ақылды ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде жылыжайлар, дала дақылдары, мал шаруашылығы, суару, өнімді сақтау және қайта өңдеу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан жағдайларына қолайлы технологияларды – датчиктер, автоматты суару жүйелері, ұшқышсыз ұшу аппараттары және деректерді жинау платформаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың бірнеше негізгі бағытын келісті.

  • Тараптар 2026 жылғы 10 қыркүйекте Zoom платформасында онлайн форматта бірлескен ғылыми семинар өткізеді, онда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары мен Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университетінің зерттеушілері Smart Agro саласындағы өз зерттеулері мен жобаларын таныстырады.

  • Тараптар бірлескен гранттық өтінімдерді, деректер алмасуды және бірлескен басылымдарды қоса алғанда, бірлескен зерттеулер мен пилоттық жобаларды дамытады.

  • Университеттер оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін, оның ішінде тағылымдамалар мен алмасу форматтарын қарастырады.

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз студенттеріне қытай тілі курстарын ұсынады, ал Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті өз студенттері мен қызметкерлеріне қазақ және орыс тілдерін үйрену тәжірибесін ұсынады.

  • Тараптар мәдени алмасу бағдарламасы аясында студенттерге арналған бірлескен онлайн іс-шаралар өткізеді.

Қол жеткізілген келісімдер арқылды ауыл шаруашылығы технологиялары саласындағы ынтымақтастыққа жаңа жол ашады және қазақстан мен қытай университеттері арасындағы халықаралық академиялық серіктестікті нығайтады.