“Менің ҚазҰУ-ым – менің болашағым”
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында Қытай, Моңғолия және басқа да шет мемлекеттерден келген қандас тыңдаушыларға арналған «Менің ҚазҰУ-ым – менің болашағым» таныстыру апталығы аясында арнайы жиын өтті.
Кездесудің басты мақсаты – еліміздің әр өңірінен және шетелден білім іздеп келген қандас жастарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихы, білім беру мүмкіндіктері, оқу үдерісі мен студенттік өмірімен таныстыру.
Жиын барысында тыңдаушыларға университеттің білім мен ғылымдағы жетістіктері, факультеттері мен кафедралары, білім алуға жасалған мүмкіндіктер, сондай-ақ ҚазҰУ-да білім алып, болашақ маман ретінде қалыптасудың жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Алыс елдерден атамекенге оралған қандас жастар үшін ҚазҰУ – сапалы білім алып қана қоймай, туған елмен байланысын нығайтып, жаңа ортаға бейімделіп, жарқын болашаққа қадам басатын білім ордасы.