Португалияда Erasmus+ MECAS жобасы аясында халықаралық тренинг басталды
2026 жылғы 7 қыркүйекте Португалияның Ковильян қаласындағы Бейра-Интериор университетінде (UBI) Erasmus+ MECAS – Development of Master curricula in EcoInformatics for the impact on the Aral Sea basin халықаралық жобасының екінші тренингі мен жобалық кездесуі өз жұмысын бастады.

Іс-шараға Италия, Испания, Португалия, Қазақстан және Өзбекстаннан жобаға серіктес университеттердің өкілдері қатысуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы (Т.А. Базарбаева, Г.Б. Танабекова) қатысуда.
Тренингтің ашылуында Асия Турениязова, MECAS жобасының үйлестірушісі, Бруно Фонсека, Бейра-Интериор университетінің интернационалдандыру жөніндегі проректоры, João Leitão, UBI өкілі, сондай-ақ Дина Перейра, UBImedical атқарушы директоры құттықтау сөз сөйледі. Қатысушыларға тренинг аптасының бағдарламасы және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары таныстырылды.

Бағдарлама экоинформатика, ГАЖ, қашықтан зондтау, экологиялық мониторинг, кеңістіктік талдау, Python және заманауи цифрлық технологиялар салаларындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған. Практикалық оқытуға, зертханалық сабақтарға және топтық жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Алынған білім мен тәжірибе қазіргі экологиялық мәселелерді, соның ішінде Арал теңізі өңірінің проблемаларын шешуде цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған жаңа экоинформатика магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында пайдаланылатын болады.