«Алтын белгі» иегерлерінің Университет Ректорымен кездесуі өтті.
2026 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 15:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Farabi Hub» инновациялық орталығында 1-курсқа қабылданған «Алтын белгі» иегерлерінің университет Ректорымен салтанатты кездесуі өтті.
Аталмыш айтулы шара аясында талапты да дарынды білім алушыларға «Farabi Hub» орталығы бойынша арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылып, университеттің заманауи ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы, стартап жобалар мен студенттік бастамаларға арналған мүмкіндіктері таныстырылды. Экскурсиядан соң Университет Ректорымен еркін форматтағы мазмұнды жүздесу өтіп, үздік студенттерге ерекше ықылас білдіріліп, арнайы сыйлық бокстары табысталды.

Университеттің салтанатты жиынына Филология факультетінің үздік студенттері белсене қатысты. Атап айтқанда, Түркітану және тіл теориясы кафедрасына қарасты «6B01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» және «6B02302 – Түркітану» білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен «Алтын белгі» иегерлері шараның төрінен табылды.
Студенттерді ұйымдасқан түрде алып жүру және іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты өкілдер ретінде:
Филология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шортанбай Шохан Амангелдіұлы;
Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Ақжигитова Арайлым білім алушыларға қолдау көрсетті.
Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұжымы «Алтын белгі» иегерлерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шаңырағына қабылдануымен құттықтап, олардың алдағы академиялық және ғылыми жолдарына ақ жол, зор табыс тілейді!