- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінің магистранттарына кампус-тур ұйымдастырылды
Экономика және бизнес жоғары мектебінің магистранттарына кампус-тур ұйымдастырылды
2026 жылғы 10 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебіне жаңадан қабылданған магистранттар үшін кампус-тур өткізілді.
Экскурсияның мақсаты — білім алушыларды университеттің заманауи инфрақұрылымымен, цифрлық технологияларымен және инновациялық мүмкіндіктерімен таныстыру.
Кампус-тур барысында магистранттар жоғары өнімді есептеу жүйесінің — суперкомпьютердің жұмысымен танысып, әл-Фараби кітапханасы мен «Farabi Hub» орталығында орналасқан робототехника зертханасын аралады. Қатысушыларға аталған нысандардың білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кампус-тур магистранттардың университет ортасына бейімделуіне және ғылыми-инновациялық инфрақұрылыммен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.