ҚазҰУ-дың доцент-зерттеушісі Astana Finance Days 2026 форумына қатысты — ҚазҰУ

ҚазҰУ-дың доцент-зерттеушісі Astana Finance Days 2026 форумына қатысты

11 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-дың доцент-зерттеушісі Astana Finance Days 2026 форумына қатысты

2026 жылғы 9–10 қыркүйекте Астанада Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) ұйымдастырған тоғызыншы Astana Finance Days (AFD 2026) халықаралық форумы «Delivering Impact. Capital in Action» тақырыбымен өтті. Дәстүр бойынша форумға 80-нен астам елден 5500-ден астам қатысушы,  инвесторлар, реттеушілер, қаржы және технология компанияларының өкілдері, жиналып, капитал нарықтарының дамуын, инвестициялық өнімдерді, институционалдық инновацияларды, нақты секторды қаржыландыруды және трансшекаралық ынтымақтастықты талқылады.
Форум жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің PhD, доцент-зерттеушісі Лаура Куанова қатысты.

Форумның тақырыптары, капитал нарықтарының дамуы, реттеу және инвесторлардың сенімі, финтех-инновациялар, кафедра қызығушылықтарына, оның ішінде исламдық және тұрақты қаржыландыруға тығыз байланысты. Экономика және бизнес жоғары мектебі өкілдерінің осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысуы университеттің халықаралық ғылыми және іскерлік байланыстарын нығайтуға, мектептің зерттеу бағдарламасын өңірдің өзекті қаржы тәжірибесіне кіріктіруге ықпал етеді.