Ғылымның болашағы: жасанды интеллект
Бүгін, Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің жас ғалымдары аға оқытушы Е.А. Қуанышбаевтың «Ғылымның болашағы Жасанды интеллект» тақырыбында семинарға қатысты.
Түріктану және Шығыс елдері кафедрасының жас ғалымдары магистрант, докторанттары жасанды интеллект тақырыбындағы семинарға қатысып заманауи иновациялық технологиялардың жетістіктеріне қызығушылық танытты.
Семинар барысында: «Жасанды интелект және нейросет арасындағы айырмашылық; жасанды интелектің қолданыс аясы, мақсат-міндеттері; нейросеттердің сыныптануы, төрт құрлық арасындағы жасанды интеллектің жарыса даму бағыттары; нейросеттердің функционалдық құрылымы мен алгоритмдері; жасанды интеллектің ғылымдағы ролі» секілді сұрақтарға жауап алынды.
Баяндамашы қазіргі таңда жасанды интеллектің көмегімен ғылымда қол жеткізілген жетістіктерге тоқтала келіп, нейросет саласының болашағымыз екендігін және жас ғалымдардың толық қанды менгерулері керектігін атап өтті.
Факульетіміздің жас ғалымдары өзекті тақырыпқа қызығушылық танытып жарыса сұрақтар жаудырды. Әсіресе жасанды интеллектің көне қолжазбаларды зерттеуде қосар үлесі ерекше аталып кеңінен талқыланды.
Кафедра менгерушісі А.Халел, оқу жылы барысында ғылымдағы қазіргі таңның өзекті мәселелері туралы көптеген семинарлар мен симпозюмдар ұйымдастырылып оған кафедра ғалымдары мен оқытушы профессорлары және әр саланың мамандары Қазақстандық ғалымдарды баяндамашы ретінде қатыстыратындығын атап өтті.