«Таза Қазақстан» жобасы аясында өткізілген сенбілік — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында өткізілген сенбілік

12 қыркүйек 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында өткізілген сенбілік

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған идеологиялық іс-шаралар жоспарына сай, экологиялық тәрбие бағыты мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұжымы мен студенттері сенбілікке белсене қатысты.

      2026 жылғы 12 қыркүйекте сағат 09:00-де басталған тазалық акциясы Филология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шохан Амангелдіұлы Шортанбайдың басшылығымен ұйымшылдықпен өтті. Экологиялық шара аясында кафедраға бөлініп берілген аумақты толық тазалауға 5 кафедра жұмыла қатысып, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.  

    Аталған жалпыфакультеттік шара шеңберінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасы бойынша бекітілген аймақты тазалауға:

● Аға эдвайзер Қанат Аширкулов және оның эдвайзерлік «6B02302 – Түркітану» мамандығының 2-курс студенттері;

● Оқытушы Арайлым Ақжигитова және оның эдвайзерлік «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттері белсене қатысты.

   Факультет басшылығының үйлестіруімен өткен шарада білім алушылар мен оқытушылар жұмыла еңбек етіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және университет кампусын көркейтуге өз үлестерін қосты.