- Басты бет
- Жаңалықтар
- Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты аясында өткізілген іс-шара «Қош келдің, студент!» бейімдеу апталығы
Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты аясында өткізілген іс-шара «Қош келдің, студент!» бейімдеу апталығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған идеологиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты мен Бағдар беру апталығы (Orientation Week) шеңберінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Қош келдің, студент!» бейімдеу кезеңі жоғары деңгейде жүзеге асырылды.
Бағдарламаның басты шарасы ретінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте Филология факультетінің 1-курс студенттеріне арналған «Қош келдің, бірінші курс студенті!» атты салтанатты кездесу өтті. Шараға факультет деканы мен декан орынбасарлары, сондай-ақ кафедра тарапынан Түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Күзембекова Жанна Жалайырқызы қатысып, оқу ордасына қабылданған білім алушыларға арнау сөзін сөйлеп, ыстық ықыласпен қарсы алды.
2026 жылғы 10 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған кешенді жұмыстар «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларын университет процестеріне жүйелі бейімдеуге, академизм қағидаттарын сіңіруге және отаншылдық сананы қалыптастыруға бағытталды. Осы орайда таныстыру жиындары, кампус тарихына арналған экскурсиялар, ұжымдық бірігуге негізделген тимбилдингтер, Студенттер үйіне орналастыру процедуралары мен кураторлық сағаттар өткізілді.

1-курс топ кураторлары білім алушыларға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенті туралы ереже» және «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің ар-намыс кодексі» нормативтік құжаттарының негізгі талаптарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар университет тарихы мен ғылыми-мәдени мұрасын таныстыру мақсатында Әл-Фараби мұражайы мен «Әл-Фараби кітапханасына» танымдық тур ұйымдастырылып, академизм саясаты мен ішкі тәртіп регламенттері бойынша кіріспе дәрістер оқылды. Бұл шаралар білім алушылардың жаңа ортаға тез сіңісіп, академизм мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің артуына ықпал етті.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Күзембекова – PhD, қауымдастырылған профессор, М. Жамбылқызы – PhD, кафедра доцентінің м.а., «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс топ кураторы, А.М. Каракулова – филология ғылымдарының кандидаты, кафедра доцентінің м.а., «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс топ кураторы, Ж.Т. Таубаев – PhD, кафедраның аға оқытушысы, «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс топ кураторы және
Ш.Д. Буркитбаева – PhD, кафедра доцентінің м.а., «6B01701 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс топ кураторы.