Таза кампус - ортақ жауапкершілік! — ҚазҰУ

Таза кампус - ортақ жауапкершілік!

12 қыркүйек 2026
Таза кампус - ортақ жауапкершілік!

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Туризм» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінде білім алатын 1-курс студенттері университет аумағын абаттандыру және тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.

Іс-шара барысында студенттер кампус аумағын қоқыс пен түскен жапырақтардан тазартып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетті. Мұндай бастамалар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және бірлесіп еңбек етуге тәрбиелейді.

Таза кампус – ортақ жауапкершілігіміз!

 

#ҚазҰУ #FarabiUniversity #Туризм #БіріншіКурс #ТазаКампус #ЭкологиялықМәдениет