- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Құқықтық мемлекет: азаматтың рөлі» тақырыбында ғылыми-танымдық кездесу өтеді
ҚазҰУ-да «Құқықтық мемлекет: азаматтың рөлі» тақырыбында ғылыми-танымдық кездесу өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде студенттердің құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттыруға бағытталған ғылыми-танымдық кездесу ұйымдастырылады.
2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 12:00-де 410-аудиторияда «Құқықтық мемлекет: азаматтың рөлі» тақырыбында қазақстандық саясаттанушы, зерттеуші және жазушы Руслан Ақмағанбетпен кездесу өтеді.
Кездесудің негізгі мақсаты – құқықтық мемлекет қағидаттарының қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, азаматтың мемлекет пен қоғам өміріндегі орны мен жауапкершілігін талқылау, сондай-ақ жастардың азаматтық және саяси сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі, азаматтық белсенділік және қоғамдық жауапкершілік мәселелері талқыланады. Сонымен қатар қазіргі Қазақстан қоғамындағы азамат пен мемлекеттің өзара байланысы, жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасу жоспарлануда.
Кездесу студенттер үшін теориялық білімді практикалық қоғамдық тәжірибемен ұштастыруға, өзекті мәселелерді сарапшылармен талқылауға және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар