Ерте көмектің ғылыми негіздері: университетте профессор Рифкат Мухамедрахимовпен кездесу өтті — ҚазҰУ

Ерте көмектің ғылыми негіздері: университетте профессор Рифкат Мухамедрахимовпен кездесу өтті

10 қыркүйек 2026
Ерте көмектің ғылыми негіздері: университетте профессор Рифкат Мухамедрахимовпен кездесу өтті

2026 жылғы 10 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасында жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың ерте дамыту психологиясы саласындағы жетекші маман, психология ғылымдарының докторы Рифкат Жаудатович Мухамедрахимовпен ғылыми кездесуі өтті. Баяндаманың және одан кейінгі пікірталастың басты тақырыбы "Балалар мен олардың отбасыларына ерте көмек көрсетудің ғылыми негіздері" болды.
Рифкат Жаудатович - Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Балалар мен ата-аналардың психикалық денсаулығы және ерте сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі,  Психология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары және Ерте балалық шақтағы пәнаралық зерттеулер зертханасының жетекшісі.
Дөңгелек үстел барысында сарапшы ерте әлеуметтік-эмоциялық ортаның баланың дамуына әсер етуінің негізгі аспектілерін, балалар мен ата-аналар бауыр басуының қалыптасу механизмдерін және қазіргі психологиялық ізденістердің әдіснамасын атап өтті. Соңғы жылдардағы зерттеулердің практикалық нәтижелеріне ерекше назар аударылды.
Докторанттар мен жас зерттеушілер үшін кездесу өзінің ғылыми жұмысының өзекті әдіснамасы мен болашақтағы бағыттарын талқылауға арналған алаңға айналды. Қатысушылар спикерге сұрақтар қоя алды, зерттеуді жоспарлау бойынша құнды ұсыныстар алды және ерте балалық шақ психологиясын зерттеудегі заманауи трендтерді талқылады.
Өткен іс-шара пәнаралық зерттеулерді дамытудың және зерттеу университеттері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығын көрсетті.