🎓 МЕХМАТТЫҢ МАҚТАНЫШ ТҮЛЕГІ – АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ — ҚазҰУ

🎓 МЕХМАТТЫҢ МАҚТАНЫШ ТҮЛЕГІ – АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ

13 қыркүйек 2026
🎓 МЕХМАТТЫҢ МАҚТАНЫШ ТҮЛЕГІ – АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ

Механика-математика факультетінің мақтаныш түлектерінің бірі – белгілі білім қайраткері, Almaty Management University (AlmaU) негізін қалаушы Асылбек Базарбайұлы Қожахметов.

Асылбек Базарбайұлы 1980 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика және қолданбалы математика факультетін тәмамдап, тұтас орта механикасы кафедрасында білім алған.

Кәсіби жолын ҚазҰУ-да бастаған ол кейін Қазақстандағы бизнес-білім беруді дамытуға үлкен үлес қосып, еліміздегі алғашқы бизнес-мектептердің бірін құрды. Бұл бастама кейін Almaty Management University (AlmaU) университетіне айналды.

Білім беру мен менеджмент саласындағы көпжылдық еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бүгінде Асылбек Базарбайұлының кәсіби жолы мен жетістіктері – жас ұрпаққа үлгі, ал Мехмат үшін үлкен мақтаныш!

💙 Мехмат өз түлектерімен мақтанады!

Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD Ахметова Б.И.