ҚазҰУ студенттері «Kitap Time–2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты
2026 жылдың 11 қыркүйегінде Философия және саясаттану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «Kitap Time-2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, оқырман мен кітап арасындағы байланысты жаңа форматта дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және білімді, ойлы, мәдениеті жоғары ұрпақ қалыптастыру.
«KitapTime-2026» фестивалі аясында әдебиет пен өнер, білім мен медиа салаларының өзара байланысын нығайтуға бағытталған бірқатар мәдени және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Фестиваль бағдарламасындағы жаңалықтардың бірі – Серб әдебиеті бұрышының ашылуы. Жаңа әдеби кеңістік Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени байланысты нығайтып, серб әдебиеті мен мәдениетін қазақстандық оқырманға кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар