Биология және биотехнология факультетінде 1 курс студенттеріне арналған Білім күні өтті — ҚазҰУ

Биология және биотехнология факультетінде 1 курс студенттеріне арналған Білім күні өтті

1 қыркүйек 2026
Биология және биотехнология факультетінде 1 курс студенттеріне арналған Білім күні өтті

2026 жылғы 1 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде жаңа оқу жылының басталуына орай 1 курс студенттеріне арналған «Білім күніне» арналған ресми кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет табалдырығын алғаш аттаған студенттерді факультет өмірімен таныстыру, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен академиялық талаптарды түсіндіру, сондай-ақ студенттерге университеттің мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беру.

Ресми кездесуге факультет деканы Нармұратова М.Х., профессор-оқытушылар құрамы және 1 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттерге университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыру, академиялық саясат, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, академиялық адалдық қағидаттары және студенттік өмірге қатысты маңызды мәселелер түсіндірілді.

Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық мәселелер бойынша проректоры Галеева Алина Кулбаевна қатысып, студенттерге университеттегі білім алу мүмкіндіктері, академиялық үдерістің ұйымдастырылуы және оқу барысында қойылатын талаптар жөнінде маңызды ақпарат берді.

Сонымен қатар, Ректор аппаратының жетекшісі Қыстаубаева Аида Серікқызы қатысып, университеттің ішкі тәртібі мен студенттердің академиялық және қоғамдық ортаға бейімделуіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.

Кездесу барысында 1 курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу үдерісіне байланысты қажетті ақпараттарға жауап алды.

Білім күні – студенттік өмірдің жаңа кезеңінің бастауы. Осы айтулы күні факультет ұжымы жас студенттерге сәттілік тілеп, сапалы білім алып, ғылым мен білім саласында биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Биология және биотехнология факультеті 1 курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, университет қабырғасындағы студенттік жылдары мазмұнды да нәтижелі болуына тілектес!

 

Деканның әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М. Басыгараев.