- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстанның конституциялық дамуының өзекті мәселелеріне арналған дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстанның конституциялық дамуының өзекті мәселелеріне арналған дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстанның конституциялық дамуының өзекті мәселелеріне арналған дәріс өтті.
2026 жылғы 9 қыркүйекте заң ғылымдарының кандидаты, Халықаралық құқық кафедрасының ассистент-профессоры Түсіпова Алмагүл Жағалтайқызы «Конституциялық реформалар: Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі жаңа бағыттар» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының конституциялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, конституциялық өзгерістердің тарихи алғышарттары, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесін реформалаудың қазіргі бағыттары қарастырылды. Қазіргі өзгерістерге, олардың мемлекеттік және құқықтық институттарды дамытудағы маңызына және ұлттық құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар