ӘДЕБИЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ — ҚазҰУ

ӘДЕБИЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

14 қыркүйек 2026
ӘДЕБИЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

11 қыркүйек күні Картография және геоинформатика кафедрасының студенттері, оқытушылары мен эдвайзерлері ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуат Қайранбаевтың «Арқалаған ар жүгің» атты әдеби-сазды кешіне қатысты.

Кеш барысында қазақ әдебиеті, ұлттық құндылықтар, адамгершілік пен азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылып, жастар үшін мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Осындай рухани кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, мәдени танымын арттыруға және қоғамдық құндылықтарға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара мазмұны Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) де сабақтасты:

📖 ТДМ 4 – Сапалы білім – жастардың зияткерлік және мәдени дамуын қолдау;
🏙️ ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар – мәдени мұраны сақтау және дәріптеу;
⚖️ ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар – азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Әдебиет – ойға, ой – құндылыққа, құндылық – болашаққа бастайды.