Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6B02305 – Қазақ филологиясы» және «6B02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағатта куратор-эдвайзер, аға оқытушы Б.К. Каспихан білім алушыларға университеттіңСтуденттердің ар-намыс кодексімен, академиялық саясатымен, академиялық адалдық қағидаттарын, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты негізгі талаптармен таныстырды.

Студенттерге білім алушының құқықтары мен міндеттері, сабаққа қатысу, білімді бағалау тәртібі, оқу тапсырмаларын орындау, академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелері түсіндірілді. Плагиатқа жол бермеу, өзгенің еңбегіне құрметпен қарау, дереккөздерді дұрыс пайдалану және жауапкершілікпен білім алу мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жатақханада тұратын студенттерге жатақхананың ішкі тәртіп ережелері, қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, тазалық пен өзара сыйластық қағидаларыжөнінде ақпарат берілді.
Кураторлық сағат барысында университеттің корпоративтік мәдениеті, студенттік ортадағы әдеп нормалары, оқу мен қоғамдық өмірдегі жауапкершілік мәселелері де сөз болды. Бірінші курс студенттеріне университет өміріне белсенді араласу, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарау және белгіленген тәртіп талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Аталған кураторлық сағат студенттердің жаңа білім беру ортасына бейімделуіне, университет талаптарын дұрыс түсінуіне және академиялық адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.