Ғылым мен білім серіктестігі – тұрақты дамуға бастар жол — ҚазҰУ

Ғылым мен білім серіктестігі – тұрақты дамуға бастар жол

15 қыркүйек 2026
Ғылым мен білім серіктестігі – тұрақты дамуға бастар жол

 

2026 жылғы 15 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетімен бірлесіп Ашық есіктер күні ұйымдастырылды. Іс-шара ғылыми-зерттеу әлеуетімен және негізгі ғылыми бағыттармен таныстыруға, жас зерттеушілерді ғылымға тартуға, сондай-ақ университет пен ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Институт директоры Садвакасова А.К., диектор орынбасары Айтымбетов Н.И., Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары - Шакирова А.Д., "Педагогика және білім беру менеджменті" кафедра меңгерушісінің орынбасары - Кожамбердиева Н.А., магистранттар және докторанттар қатысты. Қатысушылар Институттың ғылыми орталықтарының қызметімен, зерттеу бағыттарымен, ғылыми тағылымдамалар, докторантура және гранттық жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу екі ұйым арасындағы ғылыми-білім беру серіктестігін дамытуға, магистранттар мен докторанттардың зерттеушілік әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Мұндай өзара ықпалдастық БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 17-мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарымен сабақтасып, білім, ғылым және зерттеу ұйымдары арасындағы тұрақты байланысты нығайтуға негіз болады.

Бірлескен іс-шара ғылыми орта мен жоғары білім арасындағы сабақтастықты күшейтіп, жас зерттеушілер үшін жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және болашақ бірлескен жобалардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.