«8D05202 – География» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми семинар өтті
2026 жылдың қыркүйек айының 15-і 225-аудиторияда «8D05202 – География» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинар барысында Камалбекова Айдана Нұрланқызының «Іле Алатауындағы мореналық-мұздық көлдер және гляциалды сел қаупі: жарылыс қаупін бағалау және басқару» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы қарастырылды.

Ғылыми жетекшісі: Медеу Ахметқал, Г.ғ.д., профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы.
Шетелдік ғылыми жетекшісі: Перри Бартелт, PhD, Қар және көшкіндерді зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Швейцария.

Семинар барысында Іле Алатауындағы мореналық-мұздық көлдердің ерекшеліктері, гляциалды сел қаупін бағалау, көлдердің жарылу қаупі және табиғи қауіптерді басқару мәселелері талқыланды.

Ғылыми семинар өзекті зерттеу мәселелерін талқылауға, ғылыми пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.