🌿 «Таза кампус – экологиялық мәдениеттің бастауы»
🇰🇿 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде бөлме гүлдерін жаңа құмыраларға қайта отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Бөлме өсімдіктері тек интерьерді безендіріп қана қоймай, сонымен қатар мекеме ішіндегі микроклиматты жақсартады, ауаны сергітеді, оны оттегімен қанықтырады және тыныштандыратын әсерге ие.
«Таза кампус – экологиялық мәдениеттің бастауы» акциясы барысында 3-ші қабаттағы 4 гүлдің топырағы ауыстырылды және жаңа құмыраларға отырғызылды. Іс-шараға МКМ кафедрасының кураторлары Берденова Б.А. және Джантасова М.М. және “Қолданбалы математика” және “Компьютерлік және математикалық модельдеу” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері белсенді қатысып, мекеменің ішкі тазалығына және гүлденуіне өз үлестерін қосты.



МКМ кафедрасы