- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Алтын күз – 2026»: «Zhastour» командасы туристік көпсайыста жүлделі орындарға ие болды
«Алтын күз – 2026»: «Zhastour» командасы туристік көпсайыста жүлделі орындарға ие болды
18-20 қыркүйек аралығында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы «Пионер» демалыс курортында базасында «Алтын күз – 2026» туристтер слеті өтті. Аталған іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері белсенді қатысты.

Туристік слет барысында кафедра оқытушылары Байбуриев Р.М., Артемьев А.М., Бейсахмет А.А., Моминов С.А., Есенов М.Н. және Әділбай Б.С. студенттерге жетекшілік жасап, олардың туристік-спорттық дайындықтарын шыңдап, кэмпинг аумағын ұйымдастыруға атсалысты.

Күзгі табиғаттың көркем көрінісімен астасқан туристік сайыстар барысында қатысушылар төзімділік, ептілік, жылдамдық пен командалық бірлікті сынға салды. Кафедраның «Zhastour» командасы өз шеберлігін көрсетіп, туристік көпсайыстың «техникалық» кезеңінде I орын, ал «конкурстық» бағдарламада III орын иеленіп, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

Туристік слет студенттердің тәжірбиелік дағдыларын жетілдіруге, командалық жұмыс пен өзара ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ табиғи ортада экологиялық мәдениеті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар студенттердің белсенді өмір салтын ұстануына және табиғи аумақтарды жауапкершілікпен пайдалануға бағытталған құндылықтарды нығайтады.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда, 3-мақсат – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», 4-мақсат – «Сапалы білім» және 15-мақсат – «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыттарымен сабақтасады.
.jpeg)