Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. 2026 жылғы 16 қыркүйек, сәрсенбі күні Шығыстану факультетінде аға оқытушы Ілияс Нұраттың модераторлығымен «Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер, магистранттар, оқытушы- пофессор құрамы қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Ата заңның маңызы, оның қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі жөніндегі өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталып, елдің болашағына қатысты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін өзекті мәселелерді талқылауға және түрлі көзқарастарды тыңдауға мүмкіндік берді.