Тарих беттерін парақтап: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Алматы қаласының архивімен танысты — ҚазҰУ

Тарих беттерін парақтап: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Алматы қаласының архивімен танысты

11 қыркүйек 2026
Тарих беттерін парақтап: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Алматы қаласының архивімен танысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің «Архивтану және құжаттама» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Алматы қаласының мемлекеттік архивіне алғашқы танысу экскурсиясына барды!

Болашақ архившілер мен құжаттама мамандары үшін бұл сапар тек қызықты саяхат емес, сонымен қатар мамандықтың қыр-сырын іштен көруге мүмкіндік беретін маңызды іс-шара болды. Экскурсия барысында студенттер архив тарихымен, сирек кездесетін қолжазбалармен және құжаттарды сақтаудың заманауи технологияларымен танысты.