Сиань ғылым және технология университеті Гаосин институтының делегациясы Қытайтану кафедрасына келді — ҚазҰУ

Сиань ғылым және технология университеті Гаосин институтының делегациясы Қытайтану кафедрасына келді

22 қыркүйек 2026
Сиань ғылым және технология университеті Гаосин институтының делегациясы Қытайтану кафедрасына келді

      2026 жылғы 21 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасына Сиань ғылым және технология университеті Гаосин институтының Басқарма төрағасы, профессор Сун Лунцзе (孙龙杰) бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

      Кездесуді Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы жүргізіп, кафедраның білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен таныстырды.

     Сухбат барысында тараптар академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобалар, оқытушылар мен білім алушылардың тәжірибе алмасуы, сондай-ақ қытай тілін оқыту мен қытайтану саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

    Кездесу қорытындысында тараптар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік білдірді.