Жауапты тұтыну - табиғат алдындағы адам жауапкершілігі
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 12-мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында философия кафедрасының доцент міндетін атқарушы, куратор-эдвайзер Досжан Балабекұлы 1-курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында «Жауапты тұтыну: табиғат алдындағы адам жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасалып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және әр адамның экологиялық жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу өтті.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, жауапты тұтынудың күнделікті өмірдегі маңызы туралы талқылауға белсенді қатысты.
Сонымен қатар, студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студентінің ар-намыс кодексі таныстырылып, білім алушының академиялық және әлеуметтік ортадағы жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.
Жауапты тұтыну – табиғатты қорғаудан басталып, әр адамның саналы таңдауынан көрінеді.
Басқа жаңалықтар