Қытайтану кафедрасының 1-курс студенттері «Алатау» театрының «Қорлан» саундрамасын тамашалады — ҚазҰУ

Қытайтану кафедрасының 1-курс студенттері «Алатау» театрының «Қорлан» саундрамасын тамашалады

26 қыркүйек 2026
Қытайтану кафедрасының 1-курс студенттері «Алатау» театрының «Қорлан» саундрамасын тамашалады

Алматы, 26 қыркүйек 2026 жыл — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері эдвайзерлері Шарыпказы Нұртәліп, Дүйсенбай Құлпынай және Тұрдан Олжас басшылығымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрына мәдени шараға барды.

Студенттер театрда «Қорлан» атты саундрамасын тамашалады. «Қорлан» — қазақтың дәстүрлі құндылықтары мен адам сезімі туралы драмалық туынды. Спектакльдің көркемдік шешімі, музыкасы мен хореографиясы жастарға қазақ мәдениетінің тереңін сезінуге мүмкіндік берді.

Бұл мәдени іс-шара Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының студенттерінің мәдени көкжиегін кеңейту, ұлттық өнермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші курс студенттері қазақтың дәстүрлі театр өнерімен танысып, спектакль туралы өз пікірлерін ортаға салды.