«Цифрлық Қазақстан стратегиясы: Жасанды интеллектті енгізуге көшу беру» — ҚазҰУ

«Цифрлық Қазақстан стратегиясы: Жасанды интеллектті енгізуге көшу беру»

28 қыркүйек 2026
«Цифрлық Қазақстан стратегиясы: Жасанды интеллектті енгізуге көшу беру»

2026 ж. қыркүйектің 26 жұлдызында  шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет, Б.Н. Бекмашева университетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және ТДМ 9. “Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым” тұрақты даму мақсатына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілде ««Цифрлық Қазақстан стратегиясы: Жасанды интеллектті енгізуге көшу беру» атты халықаралық викторина тәрізді ақылды ойын өткізіп шықты. Қызықты іс-шараға шығыстану факультетінің шетел студенттері мен оқытушылары белсенді түрде қатысты. Айтбекқызы Інжу, Мухтар Амина, Топашева Томирис, Бидахмет Дінмұхаммед, Рустем Алима, Тлепалды Аружан, Өтеш Ааянат өздерінің презентацияларын көрсеті. Омарәлі Рания, Чапай Айару өз қолдарымен дайындаған постері арқылы іс-шараның идеялары мен негізгі ойларын жарыққа шығарып, түйіндеді. Рахман Абзал презентациясына домбыра үндерін қосып, Қазақстанның жаһандағы ролін білдіруге тырысты. Тлеуке Елдана мен Қайрат Ақерке – Wayground платформасында тақырыпқа сай сұрақтарды дайындап, барлық қатысушылармен квиз өткізді. Ресей, Өзбекстан, Қытай деген елдерден келген қатысушылар өздерінің алғыстарын білдіріп, ары қарай осындай іс-шараларға қатысуға дайындығы жайында айтты.