«XXI ғасырдағы цифрлық мәдениет пен әдеп, ақпараттық кеңістікті философиялық пайымдау» — ҚазҰУ

«XXI ғасырдағы цифрлық мәдениет пен әдеп, ақпараттық кеңістікті философиялық пайымдау»

28 қыркүйек 2026
«XXI ғасырдағы цифрлық мәдениет пен әдеп, ақпараттық кеңістікті философиялық пайымдау»

2026 жылғы 26 қыркүйекте «Философия» мамандығының 1-курс бакалавриат студенттерімен кездесу өтті. Шара форматы: «XXI ғасырдағы цифрлық мәдениет пен әдеп, ақпараттық кеңістікті философиялық пайымдау» тақырыбындағы дөңгелек стол, оның қорытындысы бойынша факультет оқытушылары мен студенттері талқылауға белсене қатысты.

Кездесуді орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Гаухар Мектепқызы Дүйсембиева ұйымдастырды.

Дөңгелек стол аясында қатысушылар моральдық нормалардың трансформациясы, жасанды интелектінің заманауи ойлау мәдениетіне әсері және академиялық ортадағы цифрлық гигиенаның өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, 1-курс студенттері әлеуметтік желілер дәуіріндегі сәйкестік (идентичтік) мәселесі мен академиялық адалдық шекаралары туралы баяндама жасады.

Бұл іс-шара біздің университет үшін 4-ші Тұрақты даму мақсатын (ТДМ 4: Сапалы білім беру) жүзеге асыру аясында ерекше маңызға ие. Болашақ гуманитар мамандардың бойында жоғары цифрлық мәдениетті, сыни ойлауды және академиялық адалдықты қалыптастыру – заманауи білім беру ортасындағы тәрбие жұмысы мен бірінші курс студенттерін бейімдеудің маңызды бөлігі болып табылады.