Visit Almaty туристік ақпараттық орталығында танымдық экскурсия өтті
Рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 курс студенттері Visit Almaty туристік ақпараттық орталығына танымдық экскурсияға барды. Кездесу барысында қатысушылар орталықтың қызметімен, негізгі жұмыс бағыттарымен және Алматы қаласын туристік дестинация ретінде ілгерілету тәсілдерімен танысты.
Visit Almaty өкілдері студенттерге туристермен жұмыс істеу, қала қонақтарын ақпараттық сүйемелдеу, Алматының туристік имиджін қалыптастыру және қаланың туристік мүмкіндіктерін ілгерілету туралы айтып берді. Туристік дестинацияны ілгерілетудің заманауи құралдарына, туристік бизнеспен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ ішкі және келу туризмін дамытудағы ақпараттық орталықтардың рөліне ерекше назар аударылды.

Экскурсия барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, туристік ақпараттық орталық жұмысының практикалық қырларын талқылап, қаланы туристік нарықта ілгерілету үдерісі туралы түсінік алды.
Аталған іс-шара кафедра меңгерушісі, PhD Байбуриев Р.М. және кафедра доценті Алиева Ж.Н. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы қаласының туристік тартымдылығын дамытуға бағытталған ұйымның практикалық қызметімен танысуға мүмкіндік беретін пайдалы алаңға айналып, студенттердің туристік дестинацияларды ілгерілетудің заманауи тәсілдері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.