- Басты бет
- Жаңалықтар
- 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай ЖИ көмегімен тіл оқыту семинары өтті
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай ЖИ көмегімен тіл оқыту семинары өтті
1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Шығыстану факультетінде маңызды халықаралық семинар ұйымдастырылды. Корей қоры (Korea Foundation) және Сукмен қыздар университетімен бірлесе өткізілген іс-шара «Қазақстан жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолдану арқылы корей тілін оқыту әдісін жаңғырту және тәжірибеде қолдану» тақырыбына арналды.
Семинар барысында оқытушылар мен зерттеушілер білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің тиімді жолдарын талқылады. Сондай-ақ корей тілін оқытуда цифрлық құралдарды қолданудың тәжірибелік мысалдары көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасу өтті. Бұл бастама студенттерге тіл үйренуді жеңілдетіп қана қоймай, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

