«Заң мен тәртіп» жобасы аясында өткізілген «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел мен құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу — ҚазҰУ

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында өткізілген «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел мен құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу

15 қыркүйек 2026
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында өткізілген «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел мен құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 15 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен №316 аудиториясында университеттің бекітілген идеологиялық және тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық пен жауапкершілік мәдиниетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі» тақырыбында кең көлемді дөңгелек үстел және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті. Арнайы шақырылған қонақ ретінде Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының өкілі, прокурор Талғатұлы Марат қатысып, дөңгелек үстелге «6B01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 және 2-курс студенттері белсене қатысты (жалпы саны 50-ге жуық білім алушы жұмылдырылды). Кездесу барысында прокурор Талғатұлы Марат студенттерге қазіргі қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері (лудомания, киберқылмыс, есірткі заттарының заңсыз айналымы, интернет-алаяқтық және бұзақылық) туралы кеңінен түсіндіріп өтті. 

Сонымен қатар, студенттік жастағы азаматтардың құқықтық жауапкершілігі мен заң талаптарын сақтамаудың салдары егжей-тегжейлі талқыланып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау өкілінен тұшымды әрі заңнамалық тұрғыдан негізделген жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен жиын студенттердің азаматтық позициясы мен құқықтық санасын арттыруға зор ықпал етті.  

Аталмыш дөңгелек үстел студенттердің құқықтық мәдениетін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін айқын ұғындырып, университеттің тәрбиелік және идеологиялық бағыттағы жұмыстарының жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын дәлелдеді.

Ұйымдастырушылар: түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістеме орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Ж. Кузембекова; түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы Н.А. Исмаилова; түркітану старший преподаватель кафедры Ж.Ж.Әбікеноважәне тіл теориясы кафедрасының оқытушысы А.Қ. Ақжигитова; түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ассистент-профессор Р.Ж. Қондыбаева.