Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығының 202-топ студенттерімен жатақханада тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру.
Кездесу барысында студенттерге жатақханада белгіленген ішкі тәртіп ережелерін сақтау, тазалықты ұқыпты ұстау, ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау, қоғамдық орындарда әдептілік таныту және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттермен төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары, атап айтқанда, жер сілкінісі болған жағдайда сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері талқыланды. Студенттерге төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, қауіпсіз орынға орналасу, эвакуация тәртібін сақтау және жауапты қызметкерлердің нұсқауларын орындау қажеттігі айтылды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу студенттердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, жауапкершілік пен өзара сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Іс-шара соңында студенттерге жатақханада қолайлы орта қалыптастыру әрбір студенттің ортақ жауапкершілігі екені ескертілді.