География және табиғатты пайдалану факультетінде Ғылыми кеңес отырысы өтті — ҚазҰУ

География және табиғатты пайдалану факультетінде Ғылыми кеңес отырысы өтті

29 қыркүйек 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде Ғылыми кеңес отырысы өтті

2026 жылғы 29 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Отырыс басында факультет деканы Ғылыми кеңес мүшелерін Университеттің Ғылыми кеңесінде қаралған негізгі мәселелермен таныстырып, қабылданған шешімдерді факультет пен кафедралар деңгейінде жүзеге асыру шараларына тоқталды. Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми кадрларды даярлау саласындағы өзекті міндеттерге ерекше назар аударылды.


Талқылау барысында докторанттардың шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелері де қарастырылды. Тағылымдамаларды уақтылы өту, халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту және диссертациялық зерттеулердің сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі атап өтілді.
Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі 2026-2027 оқу жылына арналған индикативті жоспарлау жүйесі және KPI енгізу болды. Ғылыми кеңес мүшелері факультет пен кафедралардың қызметін бағалаудың негізгі тәсілдерін, сондай-ақ индикативті жоспарлаудың жаңартылған бағыттарын талқылады.
Индикативті жоспар профессор-оқытушылар құрамы мен университет бөлімшелерінің оқу, әдістемелік және ғылыми қызметін бағалаудың маңызды құралы болып қала беретіні атап өтілді. KPI енгізу қолданыстағы жүйені толықтырып, жұмыс нәтижелілігін арттыруға, университеттің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге және ҚазҰУ-дың халықаралық академиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға бағытталған.
Білім беру және ғылыми қызмет сапасын арттыруға, жарияланымдық белсенділікке, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және заманауи білім беру технологияларын пайдалануға ерекше мән берілді. Талқылау қорытындысы бойынша факультет пен кафедралардың негізгі міндеттері айқындалып, оқу жылы ішінде жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына жүйелі мониторинг жүргізу қажеттілігі атап өтілді.


Сонымен қатар отырыста пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мен интерактивті силлабустардың сапасы, жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) білім беру үдерісіне одан әрі енгізу, сондай-ақ факультет қызметкерлерінің ғылыми қызметін қолдау және ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа үміткерлер ұсыну мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, факультет пен кафедралардың алдағы кезеңдегі басым міндеттері айқындалды. Оларды жүзеге асыру факультеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын одан әрі арттыруға және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін болады.