ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу — ҚазҰУ

ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

29 қыркүйек 2026
ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

29 қыркүйекте Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» мамандығы бойынша 1-курс магистранттарына арналған іс-шара өткізді. Кездесудің тақырыбы: "My contribution as a future specialist to the economic prosperity and development of country" («Болашақ маман ретінде елдің экономикалық гүлденуі мен дамуына қосатын менің үлесім») деп аталды. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің болашақ мамандығы тұрғысынан еліміздің экономикалық жағдайын қалай жақсартуға болатыны туралы өз ойларын ағылшын тілінде бөлісті. Іс-шара пікірталас түрінде өтті, онда әрбір қатысушы Қазақстан экономикасына қатысты өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды. Дискуссия барысында олар табысты мемлекеттің ең маңызды факторларының бірі ретінде цифрлық технологиялар мен адами капиталдың рөлін ерекше атап өтті. Магистранттар экономика және басқару саласындағы білімдерін ғана емес, сонымен қатар шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін де көрсете білді. Барлық қатысушылар ағылшын тілінде өз ойларын сенімді әрі грамматикалық тұрғыдан дұрыс жеткізді. Іс-шараға Тәжікстаннан келген шетелдік студент Лоикзода Муртазоджони Мустафо да қатысты.