Ректор мерекемен құттықтады — ҚазҰУ

Ректор мерекемен құттықтады

1 қазан 2026
Ректор мерекемен құттықтады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім   қызметкерлері күнінде оқу ордасының оқытушыларымен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім   қызметкерлері күні мерекесіне орай, оқу ордасының оқытушыларымен кездесу өткізді.

Жансейіт Қансейітұлы ғалымдарды, ардагер оқытушыларды, университет қызметкерлерін мерекемен құттықтап, олардың жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөліне тоқталды. Университет басшысы оқытушыларға еңбегі мен кәсіби адалдығы үшін алғыс білдіріп, ғылыми және педагогикалық қызметтеріне табыс тіледі.

Ректор білім мен ғылымды дамыту, оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттыру және академиялық ортаны жетілдіру ҚазҰУ-дың басты басымдықтарының бірі екенін баса айтты.

Өз сөзінде ЖОО басшысы университет ұжымы қол жеткізген нәтижелерге жоғары баға берді. Сонымен қатар халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді одан әрі нығайту бағытында университет ұжымы қарқынды еңбек етуі қажет екенін жеткізді.

Шара соңында ҚазҰУ басшысы университет оқытушылары  Татьяна Владимировна және Алдияр Талғатұлына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар ректор бірқатар профессорларға  «Әл-Фараби» төсбелгісін тарту етті.

Бұған қоса, мерекеге орай, ҚазҰУ-дың екі қызметкері – Гүлнар Насимова мен Қарлығаш Сапарова Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі