«Жасыл факультет»: студенттер көгалдандыру акциясына үлес қосты
28 кыркүйек 2026 жылы «Таза Қазақстан» жобасы аясында География және табиғатты пайдалану факультетінде «Жасыл факультет» көгалдандыру акциясы өтті. Іс-шара студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және оқу кеңістігін көгалдандыруға бағытталды.
.jpeg)
Акция барысында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері үйлерінен бөлме өсімдіктерін әкеліп, өздері білім алатын аудиторияға тарту етті. Сонымен қатар факультет ішіндегі гүлдерге күтім жасап, жасыл ортаны көркейтуге атсалысты.
.jpeg)
.jpeg)
Студенттердің бұл бастамасы табиғатқа қамқорлықтың күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын көрсетті. Бірлескен жұмыс факультет кеңістігін жайлы етіп, жастардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.