Докторанттарды даярлау үдерісі — ҚазҰУ

Докторанттарды даярлау үдерісі

29 қыркүйек 2026
Докторанттарды даярлау үдерісі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 2026–2027 оқу жылында докторанттарды даярлау үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Кездесуге кафедраның 1, 2 және 3-курс докторанттары қатысып, олардың жеке жұмыс жоспарларын орындау барысы, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, диссертациялық жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру және оқу жылына белгіленген академиялық міндеттерді орындау мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, докторанттардың жеке жұмыс жоспарларында көрсетілген іс-шараларды уақытылы және сапалы орындауы, ғылыми жетекшілермен тұрақты жұмыс жүргізуі, зерттеу нәтижелерін жүйелі түрде талқылап отыруы қажеттігі атап өтілді.