Ақпараттық гигиена және цифрлық детокс — ҚазҰУ

Ақпараттық гигиена және цифрлық детокс

24 қыркүйек 2026
Ақпараттық гигиена және цифрлық детокс

2026 жылдың 24 қыркүйегінде журналистика факультетінде «Ақпараттық гигиена және цифрлық детокс» тақырыбында тағылымды онлайн кездесу өтті. 

Жиынға арнайы шақырылған тәжірибелі ІТ маманы Ф. Нәлібаев студенттермен виртуалды форматта жүздесіп, өз саласындағы құнды тәжірибесімен бөлісті. Спикер қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға тұшымды жауап беріп, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен ақпаратты сүзгіден өткізудің маңызын түсіндірді.