«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында кураторлық сағаты өтті — ҚазҰУ

«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында кураторлық сағаты өтті

1 қазан 2026
«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында кураторлық сағаты өтті

2026 жылдың 1 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараға «6В05102-Биология» білім беру бағдарламасының ББ23-10, ББ23-11 және ББ23-15 топтарының 34 студенті қатысты. Эдвайзерлік сағатты профессор м.а. Кулбаева Маржан Сусаровна ұйымдастырып, жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаларын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар академиялық адалдықты сақтау, білімді өз еңбегімен алу және кез келген әділетсіз әрекеттен аулақ болу мәселелері талқыланды. 

Кездесу барысында студенттер «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салып, жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері мен оған қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын талқылады. Шара қорытындысында студенттер академиялық адалдық қағидаларын сақтауға, білім алуда өз білімі мен еңбегіне сүйенуге, парақорлық пен жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеуге және әділдік пен жауапкершілікті күнделікті өмірде ұстануға ортақ шешім қабылдады. Сондай-ақ студенттер арасында адал білім мен әділеттілік құндылықтарын насихаттау, жемқорлық көріністеріне бейжай қарамау және «Жемқорлықтан тыс университет» қағидаларын қолдау қажеттігі атап өтілді. Адал білім мен адал еңбек – жемқорлықсыз болашақтың негізі.