Әл-Фараби және ортағасырлық философия
Бүгін «Әл-Фараби және ортағасырлық философиясы» тақырыбында тағылымы мол дәріс өтті.
Дәріс барысында Әл Фарабидің философиялық мұрасы, ғылым мен білімге қосқан үлесі және ортағасырлық философиядағы орны туралы құнды ақпараттармен таныстық.
Аталған дәрісті кураторымыз Абай Сәдуақасов өткізіп, студенттермен маңызды ойларымен бөлісті. Дәріс барысында өзімізді қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұлы ойшылдың еңбектерін тереңірек тануға мүмкіндік алдық. Әл-Фараби мұрасын тану тек тарихты білу емес, оның білімге, ізденіске және адамгершілікке негізделген ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыра білу. Осындай дәрістер бізді өткенге үңіле отырып, қазіргі қоғамға жаңаша көзқараспен қарауға жетелейді.
Бүгінгі кездесу барысында әр ойдың астарында терең мән бар екенін түсініп, өзіміз үшін жаңа тұжырымдар жасадық. Білім мен ой тоғысқан мұндай кездесулер студенттік өмірдің ерекше әрі есте қаларлық сәттерінің бірі.