Философия және саясаттану факультетінде Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі атташесімен кездесу өтті — ҚазҰУ

Философия және саясаттану факультетінде Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі атташесімен кездесу өтті

2 қазан 2026
Философия және саясаттану факультетінде Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі атташесімен кездесу өтті

 

Философия және саясаттану факультетінде Алматыдағы Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі атташесі Мұхаммед Мәсуд Садеғимен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық және зерттеушілік байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар алдағы қараша айында жоспарланып отырған әл-Фараби халықаралық симпозиумын өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды. Сонымен қатар Құм қаласында өтетін халықаралық конференция аясында дөңгелек үстел ұйымдастыру, сондай-ақ университет базасында Иран мәдени кабинетін ашу мүмкіндіктері сөз болды.

Кездесу барысында философия, мәдениет, ғылым және білім беру бағыттарындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғалымдар мен оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын кеңейту және ғылыми байланыстарды жандандыру жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында жұмыс жүргізуге ниетті екенін білдірді.