- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Далалық практика кезіндегі дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау мәдениеті» атты семинар-тренинг
«Далалық практика кезіндегі дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау мәдениеті» атты семинар-тренинг
2026 жылғы 21 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасында «Далалық практика кезіндегі дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг барысында далалық практика кезінде денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары, дұрыс тамақтану тәртібі және ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызы талқыланды. Сонымен қатар ұзақ уақыт қозғалыста болу жағдайында тамақтану ерекшеліктері, жеткілікті мөлшерде су ішу, азық-түлікті дұрыс сақтау және жеке гигиена талаптарын сақтау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің далалық практика жағдайында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру. Семинар-тренинг барысында алынған практикалық кеңестер студенттерге табиғи ортада қауіпсіздік талаптарын сақтап, далалық жұмыстар кезінде өз денсаулығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.